Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза
Рейтинг: 3.5
ISBN:
978-601-209-190-8
Беттер саны:
168
Жанр:
Дерек
Шерхан Мұртаза
Адам өмірінің әрбір сәті нақты көріністерден тұрады. Егер сол сәттер фотосуреттерде анық бейнеленсе – ондай бейнелер тарихи жәдігерлерге айналады.
ХХ ғасырдың өртең жылдарында дүниеге келіп, тасқындарын өз басынан өткерген Қазақ халқының төл перзенті, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, аса көрнекті жазушы, ірі қоғам қайраткері – Шерхан Мұртаза қоғамдық биікке қиядан қиялап келіп көтерілді. Жоқшылық жолын тосқан балалық шақ, жалындаған жастық дәуреннің қабырғасын қайыстырған – соғыстан соңғы зілмауыр жылдар, өткен ғасырдың екінші жартысында адам мен қоғам алдында мызғымас тас қабырғадай болып, мелшиіп тұрып алған күрделі кезең, КСРО елінің сеңдей бұзылып – темір торды сетінете – Қазақстанның тәуелсіздік тұғырына көтерілуі – бүкіл халықтың және жеке адамның басынан өткен тарих. Және бұл – қайраткер, қаламгер Ш.Мұртазаның жүріп өткен өмір жолы.
Бес бөлімнен тұратын осы фотоальбомда қоғамдық мән-мағынасы топтала сұрыпталып жарияланып отырған фотосуреттер – өткен тарих пен Қазақстан Республикасының нұрға толған қазіргі кезеңін қамтитын қайраткер, халық жазушысы Шерхан Мұртаза өмірінің сурет-деректері.
Фотоальбом қазақ қоғамының Тарихи Перзент-Тұлғаларын төріне көтеретін ойы – кемел, танымы – кең оқырмандарға арналады.
Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар