Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Классикалық зерттеулер 23 том
Классикалық зерттеулер 23 том
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7414-28-3
Беттер саны:
418
Классикалық зерттеулер 23 том
Бұл кітапқа ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ театртану ғылымының тарихы мен теориялық мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектері таңдалып алынды. Олар қазақ сахнасының кеңістігінде болып жатқан елеулі шығармашылық құбылыстарды қалт жібермей зерттеп жазып, өткір де өзекті мәселелерді талқылауға белсене үн қосқан ұлттық театртану мектебінің алдыңғы буын өкілдері Қажығұмар Қуандықов, Бағыбек Құндақбайұлы, Қалтай Мұхамеджановтар еді. Театр саласы бойынша арнайы білім алған бұл мамандардың ұлт театрының тарихы мен өркендеуіне қатысты театрсыншылық көзқарастары өзінің құндылықтарын бүгін де жоғалтқан жоқ.
Еңбек ұлттық театр өнерін зерттейтін мамандарға, театр саласы бойынша оқитын жоғары және орта оқу орындарының студенттеріне, қазақ сахна өнерінің тарихы мен теориясына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

Көп оқылғандар