Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Рейтинг: 4.000
ISBN:
Беттер саны:
0 бет
Жанр:
Өлеңдері
Ұсыну

Дүниеге өзінің аппақ, тап-таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 3 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-1962 жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-1965 жж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақта басылды. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары: «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде «Мир созвездия» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. «Ақерке Жайық» «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т.б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал.


Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар