Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Әмина Өмірзақова: Фотоальбом
Әмина Өмірзақова: Фотоальбом
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-209-211-0
Беттер саны:
240
Жанр:
Әмина Өмірзақова: Фотоальбом

Фотоальбомда аса көрнекті актриса, халқымыздың аяулы перзенті – Қазақ КСР-інің халық артисі, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, сахна және кино өнерінің даңқты шебері Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың өмірі мен өнердегі өнегелі жолы ақпараты мол айшықты суреттермен оқырмандар назарына ұсынылып отыр. Ә. Өмірзақованың ұлттық сипаты мол шығармашылық жолы – әлемдік өнер дариясына барып қосылатын өзгеше арна. Сондықтан да саңлақ актрисаның кино мен сахнадағы бейнелері қазақ халқы үшін аса қымбат.

Фотоальбомдағы театр және кино мұрағаттарынан, актрисаның өзінің отбасылық мұрағаты мен ұрпақтарынан жинақталып, сұрыпталып алынған фотосуреттерден майталман шебердің өміріндегі айтулы тарихи сәттері, белгі-кезеңдері айқын көрініс тапқан.

Бұл фотоальбом қазақ халқының өнер перзенттерін қастерлеп, қадір тұтатын әрбір зерделі жан үшін қымбат қазына бола беретіндігі ақиқат.

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар