Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Асыл сөз
Рейтинг: 0
ISBN:
978-9965-822-97-1
Беттер саны:
0
Жанр:
Асыл сөз
Ақын, прозашы Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» атты көркем
шығармалар (роман, әңгімелер, көркем аудармалар, өлеңдер) жинағы
қазақ әдебиетінің XXI ғасырдағы жаңа туындыларының қатарына
жатқызуға болады. Мәселен, «Қараөзек» романы 1986 жылғы жел-
тоқсан оқиғасының кейбір сәттерін шынайы көрсетіп қана қоймай-
ды, сондай-ақ XX ғасырдың соңғы жылдарындағы қазақ қоғамындағы
өзгерістерді, қазақ жастарының жаңа экономикалық қоғамдағы
тыныс-тіршілігін шебер суреттейді. Қазақ поэзиясына XX ғасырдың
80-жылдарының соңында келген Нұржан Қуантайұлы – поэзияда
да өзіндік үнімен танылған лирик ақын. Қазақтың көрнекті ақыны
Қуандық Шаңғытбаев оның алғашқы өлеңдерін оқып «тілі көркем,
лирикасы сыршыл осынау жас ақынның жазғаны елең еткізгені рас,
ал келешекте кемел ақын болатынына күмән жоқ» деп баға берген бо-
латын. Одан беріде жиырма бес жылдың ішінде өзіне тән лирикалы
өлеңдерді дүниеге әкелген Нұржанның поэзиясы әдебиет сыншыла-
ры тарапынан да, оқырмандар тарапынан да жоғары баға алып отыр.
«Асыл сөз» атты жинаққа енген лирикалы өлеңдері оның аса биік
көркемдік дәрежеге көтерілген ақын екенін айғақтайды.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар