Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Баянғали Әлімжанов 16-том
Баянғали Әлімжанов 16-том
Рейтинг: 5
ISBN:
ISBN 978-601-7804-76-3
Беттер саны:
314
Баянғали Әлімжанов 16-том

Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжанов шығармаларының он алтыншы томы – қызық кітап. Қызық болатыны, қазақ ақынының орыс тілінде жазған роман, повестері ана тіліне аударылып, тұңғыш рет жарыққа шығып отыр. «Сказ столетнего степняка» деген атпен Москвадан, атақты «Художественная литература» баспасынан жеке кітап болып шығып, іле-шала әйгілі «Роман-газетаның» жеке бір санында «Разрешите жить!» деген атпен жарияланып, Ресей оқырмандарына танылған роман, повестері енді өз еліміздің оқырмандарына жол тартты. Романда қазақ халқының жиырмасыншы ғасырдағы жүз жылдық қилы-қилы қиын тарихын жүз жасаған қария Асанбай Бектеміровтың тағдырымен тығыз байланыста баяндаған автор өткен мен бүгін, болашақ туралы сан алуан сыр шертеді, ұлтаралық қарым-қатынастардың күрделі қатпарларына бойлап, «соғыс тарихы бізді бейбітшілікке, дұшпандық тарихы-достыққа үйретуге тиіс!» деп түйіндейді. «Өмір сүруге рұқсат етіңіз!» повесі соғыс мүгедегінің дүниедегі қиянат атаулы күштілердің бойында әділдік сезімі мен ар-ұяттың жоқтығынан деген қорытындыға келіп, сол жолдағы фантастикалық күресін суреттейді. «Абылай хан және оның батырлары» – аталарымыздың аңыздары бойынша жазылған ерлік, батырлық жайлы тартымды повесть.

Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар