«Түрік тілдерінің жинағы (Түрік сөздігі)» — түрік дүниесінің әлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі күллі түрік тілдерінің тұңғыш әрі аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің жинағын» барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік елдерінің әдебиетіментілінсалыстырмалытүрдезерделептүзіпшыққаналғашқыэнциклопедиялық кітап. Түрік тілінің тұңғыш та, әсте қайталанбайтын бірегей оқулығы.
XI ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түрік тектес ұлттардың ежелгі мәдениетінде қайта жаңғыру үрдісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті де пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздің түп негіздері,төл заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде жан-жақты көрініс тапқан. Қазақ ұлысының жаңа ғылымы да, таным дүниесі де, елдік қағидалары да осындай аталы дәстүрімізден қуат алып, нәр жинауы тиіс.
Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Көп талқыланғандар
Қуандық Шамахайұлы. Кішкентай адам
Тірісінде тіресіп, аруағында ардақтап
Қуат Қиықбай. Бесік жыры
Алмагүл Шималова. Ақберен (ертегі)
Жадыра Шамұратова. Серіктің батпырауығы
Бекзат Думанұлы. Сенгім келіп тұрады ғажайыпқа
Қуандық Шамахайұлы. Мұқанның көршісі
Неліктен Қайым – Қадырға, Семей – Батысқа айналды?
Әлібек Асқаров. Кейбір аң мен құстың қазақша атаулары туралы
Қуандық Шамахайұлы. Пысық жігіт
Бауыржан Игілік: Жайнамаздай қастерледім қағазды
Назерке Серікқызы. Тәңір естіп қояды...
Тіл ғұламасы Әсет Болғанбаев
Гүлнұр Қасымзада. Күнім
Мұхтар Мағауин. Естеліктер кітабы. Мұқағали Мақатаев