Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Космотарих куәсі
Рейтинг: 0.000
ISBN:
9965-06-433-4
Беттер саны:
264 бет
Космотарих куәсі
Ұсыну

Қазақстанда авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылымиболашақтық романдар жазуды алғаш бастаған белгілі жазушыболашақгер Жүніс Сақұрпағының осы сериясымен бұдан бұрын «Тірішілік ұясы», «Борыш», «Шеңбердің түйісуі», «Көктен келген көшпенділер», «Марстан шыққан жаңғырық», «Қимайтын әлем», «Шолпанға көшкен ауыл» ғылыми-болашақтық романдары жарық көрген. Қолыңыздағы «Космотарих куәсі» ғылыми-болашақтық романның журналдық нұсқасы мерзімді баспасөзде жарияланған, қазақ радиосынан оқылған. Мұнда бір топ қазақ ғалымдары Айдың солтүстік бүйіріндегі түбіне Күн сәулесі ешқашан түспейтін қазаншұңқырдағы мұз-тоңды арнайы техникалармен ерітіп аршу барысында күтпеген жерден динозаврдың мұз болып қатқан денесіне тап болады. Осы оқиға арқылы Жеріміздегі динозаврлардың не себепті жойылып кеткені ғылыми негізде көркем тілмен тартымды суреттеледі. Ғылыми-болашақтық романның шым-шытырық оқиғасы оқырманын Ай әлеміне , адамзаттың жарықн болашағына жетелейді. Адам баласының денсаулығы мен өмірін сақтау мен жалпы табиғатты қорғаудағы ғылыми идеясы кең ауқымды әрі әлем халқына ортақ.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.