Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен...
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-9965-822-99-5
Беттер саны:
216 бет
Жанр:
Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен...
Ұсыну
Бұған дейін жарық көрген «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек»,
«Дүрия-дүние», «Каспий трагедиясы», «Ақын арманы (азабы), тағы
басқа да кітаптары арқылы қалың оқырманға жақсы таныс қаламгер,
ҚР Мәдениет қайраткері Ғалым Әріптің ұсынылып отырған жаңа жыр
жинағы адамгершілік,имандылық, асқақ адамзаттық-гуманистік үні-
мен ерекшеленеді. Әрбір жазған шығармасында елді, жерді, Отанды,
ата-ана мен бауырларды шексіз сүю идеясын айқара алға тартатын ав-
тор өмірден түйін түйіп, тіршіліктің мән-маңызын өз бағасымен өлшей
білуге, ақылмен ғұмыр кешуге үндейді. Бүгінгідей дүбірлі дүние, ада-
ми пейілге селкеу түскен қоғамда автор адамның барша ғаламға тек
жақсылық ойлау, қайырымдылық жасау, ұлттар мен халықтардың өзара
тату болуы, ана тілің мен ата дәстүрді құрмет тұту арқылы ғана шынайы
бақытқа жете алатынына даусыз иландырады.
Ақ жауындай ақтарылған алғаусыз сезім, жаратылысқа, махаббат,
достық, мәрттік, ізгілік әлеміне деген құштарлықтан туындаған пәк те
шынайы жырлар жан дүниеңізге жылы шуақ ұялатады. Тұнба бұлақтай
мөлдір лирикалық туындылардағы ақжал толқындардай асау иірімдер
мен сыршыл ырғақтар кіршіксіз ақын жаны мен кісілік болмысының
жарқын айнасы тәрізді әсер қалдырады. Кітаптың тілі көркем, бейнелі,
жырсүйер қауымның жан әлемін баурап алары сөзсіз.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар