Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
«Жас тұлпар» дүбірі. Азаттық аңсаған Сарыарқа. Қашқын суыр
Рейтинг: 5.000
ISBN:
978-601-80932-0-1
Беттер саны:
472 бет
Жанр:
Повесть 
«Жас тұлпар» дүбірі. Азаттық аңсаған Сарыарқа. Қашқын суыр
Ұсыну

Мызғымайтындай көрінген Кеңес Одағының шаңырағының ортасына түсуіне, социалистік жүйенің қирауына қазақ жастарының қосқан үлесі зор. Ал сол жастардың санасын серпілтіп, болмысын оятқан, Алаш зиялыларының күрес жолын жалғастырған «Жас тұлпар» қозғалысы болды. Кітапқа «Жас тұлпар дүбірі» повесімен бірге «Азаттық аңсаған Сарыарқа» жəне «Қашқын суыр» повестері де еніп отыр.


«Азаттық аңсаған Сарыарқа» повесінде Алматы қаласы студенттерінің астыртын құпия ұйымының іс-əрекеттері көрсетіледі. Ал «Қашқын суыр» повесінде Желтоқсан көтерілісінен кейінгі қазақ жастарының қилы ғұмыры мен тұрлаулы тағдыры, рухани-адамгершілік қасиеттерінің ашылуы сипатталады.


Жалпы бұл тарихи повестер ХХ-шы ғасырдың 60-80-ші жылдарындағы жастардың Қазақстанның тəуелсіздігі үшін күресі туралы айтылады. Повестер қалың оқырман қауымға, қазақ ұлтының тарихын зерттеушілерге арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.