Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Арнайы жобалар
«ДУЭЛЬ» поэтикалық телебағдарламасы
 «ДУЭЛЬ» поэтикалық телебағдарламасы

«Halyk Media Group» ЖШС, «Халық арнасы» 2018 жылдың 5 ақпанынан бастап көрермен назарына  «Дуэль» телебағдарламасын ұсынып отыр. «Қазконтент» АҚ, «Әдебиет порталы» республикалық «Дуэль» жобасына  ақпараттық қолдау көрсетеді.

 

«Дуэль» поэтикалық телебағдарламасы

 

Республикалық жобаның мақсаты:

 

  • қазақтың жас ақындарын халыққа таныту, шығармашылығымен таныстыру;
  • қазақ әдебиетіне қадам басқан жас қаламгерлерге шығармашылық тұрғыда қолдау көрсету;
  • телекөрерменнің әдебиетке, қазақ поэзиясына қызығушылығын арттыру;  
  • қазақ телевизиясындағы әдеби хабарлардың алтын қорына үлес қосу;
     

Бағдарламаның шарты:

 

Республикалық деңгейде өткізілетін «Дуэль» телебағдарламасының шартына сәйкес, бәйгеге 17 мен 30 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Ақындар еркін тақырыптағы үш өлеңін ұсынуға құқылы. Жобаға  24 ақын қатысады. «Дуэль» 2 кезеңнен тұрады. Жеңімпазды көрермен қауым «halyq-arna.kz» сайты және «Әдебиет порталы» арқылы дауыс беру нәтижесінде анықтайды.

 

Байқауға негізделген бағдарламаның кезеңдері:

 

Бірінші кезең. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 24 ақын іріктеу кезеңіне қатысып, басым дауыс жинаған 12 ақын ақтық мәреге (финал) өтеді;

 

Екінші кезең.  12 наурыз күні «Дуэль» жобасының жеңімпазын анықтайтын шешуші ақтық мәре  өтеді.

 

Бас жүлде.

 

Бағдарламаға қатысушы ақындардың ішінен ең үздік деп танылған жеңімпазға ұйымдастырушылардың қолдауымен өлең жинағын тегін шығаруға мүмкіндік беретін арнайы сертификат табысталады. «Дуэль» жеңімпазы кітап шығару мерзімін өзі анықтайды.

 

 

«Halyk Media Group» ЖШС

Мекен-жайы: 050000, ҚР., Алматы қ., Ауэзов ауданы, Қабдолов к-сі., 16 үй,  корпус 1, 505/1

Байланыс тел.: 3467799, +77077199715

 

Жасыру ^
Толық оқу

қатысушылар

Финал