Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Арнайы жобалар
Фариза Оңғарсынова оқулары ІІ республикалық көркемсөз байқауы

Фариза Оңғарсынова оқулары ІІ республикалық көркемсөз байқауы

«Әдебиет порталы» қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ІІ республикалық интернет-байқауын өткізеді.

 

Байқаудың басты мақсаты:

 

Халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін интернет арқылы дамыту, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу;

 

Байқау шарттары: 

 

–          Байқауға қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін өзі оқып, оған бейнеролик жасау арқылы қатыса алады; 

–          Бейнеролик көлемі 2 минуттан кем болмауы және 10 минуттан аспауы керек; 

–         Ақынның өлеңін қатысушы өзі оқуы керек;

–         Бейнеролик клип түрінде немесе әуесқой түсірілім ретінде қабылданады (бейнероликтің оң жақ үстіңгі бұрышында «Әдебиет порталының» логотипі болуы шарт! Логотипті мына жерден жүктеп алуға болады);

–          Байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;

 

Интернет-байқаудың қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:  

–          өлеңді оқу шеберлігіне; 

–          дауыс мәнеріне және тіл тазалығына; 

–          өлеңді таңдау талғамына;

–          ұсынылған бейнероликтің сапасына назар аударады;

–          Сапасы төмен бейнероликтер қабылданбайды.

 

Интернет-байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен төмендегідей жүлделер табысталады:

 

Бас жүлде – Samsung Galaxy А5 смартфоны және ақынның 12 томдық жинағы;

І орын – Samsung Galaxy А3 смартфоны;

ІІ орын – Samsung Galaxy J5 смартфоны;

ІІІ орын – Samsung Galaxy J5  смартфоны;

 

Ынталандыру сыйлықтары

 

Байқауға ұсынылатын шығармалар 2018 жылдың 20 ақпанына дейін жолдануы керек. Ол үшін қатысушы Әдебиет порталына тіркеліп, Арнайы жобалар бөліміндегі Фариза оқулары деген жобаға кіріп, материалды қосу деген тетікшені басуы қажет. Видеоны өзінің ютуб каналына жүктеп, соның сілтемесін материалды қосу деген жердегі жолдарға қойып, басқа да жолдарды толтыруы қажет. 

Немесе adebiportal@gmail.com электронды мекен-жайына жолдануы керек. 

 

Интернет-байқаудың жеңімпаздары 2018 жылы 21 наурызда Дүниежүзілік поэзия күні  марапатталады.

 

Ескерту!!! Жеңімпаздардың жол шығынын және жатын орнын ұйымдастырушылар мойындарына алмайды!

 

Байланыс телефондары: +7 (7172) 79 82 12 (ішкі 150). 

 

www.adebiportal.kz

 

ары қарай оқу
Исатаева Іңкәр
21.05.2017
9288
Әнуарбек Айзере 8 жаста
21.05.2017
6689
Айгүл Иманбаева
21.05.2017
4506
Еркежан Толеубек
21.05.2017
5298
Ақелік Мұрат
21.05.2017
3431
Назерке Өрқара
06.04.2017
3699
1 2 3 4 5 6 7 8

Көп оқылғандар

Поэзия ғаламшары немесе Әсел Кәрібай өлеңдерінің өзгеше өрнегі

19.05.2022
144
Жас ақын Әсел Кәрібай есімі қазіргі поэзия әлеміне жақын таныс. Өз шығармашылы

Эрих Мария Ремарк. Махаббат декадансы

20.05.2022
91
(әңгіме) «Декаданс» сөзіне