Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Жадыра Байбұланова  - adebiportal.kz

Жадыра БАЙБҰЛАНОВА 

1990 жылы желтоқсанның тоғызыншы жұлдызында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығының «Арқадағы арда жыр» атты  томына өлеңдер топтамасы енген. Сондай-ақ, «Жыр маржаны» атты 10 томдық  қазақ поэзиясының антологиясына, «Жауқазын», «Сарыарқа сазы» атты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Шығармашылығы газет-журнал беттеріне тұрақты түрде жарияланып тұрады. 

29.06.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: