Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Аудио
Маржан Ершу
Маржан Ершу - adebiportal.kz

Ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик Ершу Маржан Аманқосқызы 1977 жылы 15-сәуірде Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Атырау педагогикалық институтының филология факультетін, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты.

 

IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Халықаралық «Бөбек» қорының арнайы дипломымен марапатталған. 1996 жылы – Атырау қаласының Әнұраны «Атырау қалам» әнінің сөзін жазған. Осы әннің сөзін жазғаны үшін «Жылдың үздік ақыны», «Жыл адамы» атағын иеленген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі. ҚР Президенті стипендиясының иегері. Таранжы атындағы сыйлықпен марапалған. Өлең әлеміне Айек деген атпен енген. «Шырақ» 2004, «Пырақ» 2008 , Аламан» 2015 атты кітаптары басқа атпен, «Айек» деген псевдониммен жарыққа шыққан. Айек - Сұлтан Бейбарыстың анасының аты. Өлеңдері Бейбарыстай күшті, қалпақпен ұрса құламайтын мықты болса деп арманнан туған.

 

Сондай-ақ түрік әдебиетінің поэзия, прозасынан жасаған аудармалары да бар.

20.09.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру:

Көп оқылғандар