Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Айжан Тәбаракқызы - 1986 жылы сәуiрдің 18-ші жұлдызында дүниеге келген. 2010 жылы Астана қаласындағы Еуразия Гуманитарлық Институтынан «Құқық және экономика негiздерi» мамандығы бойынша білім алған. 2016 жылы Көкше Академиясынан «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген. Халықаралық Өнер фестивалінің «поэзия» аталымы бойынша екі мәрте лауреаты; 2014 жылғы Республикалық «Аңсар» әдеби байқауында «Ең үздік жас ақын — 2014» номинациясын иеленген; Астана қаласының мәдениет басқармасы тағайындаған М. Әуезов атындағы атаулы дипломның иегері; Республикалық деңгейде өткен бірнеше жас ақындар мүшәйрасының лауреаты; Өлеңдерi «Азаттық таңындағы азат жыр», «Жаңа ғасыр жырлайды» атты жыр жинақтарына және қазақ поэзиясының антологиясына енген. 2016 жылы Астана қаласынан «Сен жыламашы...» деген атпен алғашқы жыр жинағы жарық көрді.
 

24.05.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: