Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Темірбай Алмас Қажыбайұлы (1979 жылы 22 қаңтарда туған, бұрынғы Көкшетау облысыЗеренді ауданы, Ортақ ауылы) – ақын, жазушы, журналист. Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының директоры. Қазақстан Жазушылар одағының(2001), Қазақстан Журналистер одағының (2005) мүшесі. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін (2000), Көкшетау университетінің саясаттану факультетін (2004) бітірген. Еңбек жолын 16 жасында бастаған ол облыстық «Көкшетау» газетінде тілші (1995 – 1998), аудандық «Бурабай» газетінде редактордың орынбасары (1998 – 1999), қалалық «Көкшетау» газетінде шолушы (1999 – 2003), республикалық «Алаш үні» газетінде бас редактордың орынбасары, кейін бас редакторы (2003 – 2006), облыстық «Арқа ажары» газетінде мәдениет және руxаният бөлімінің меңгерушісі (2006 – 2008) болып қызмет атқарған. 2008 жылдан Ақмола облыстық «Көкшетау» журналының бас редакторы. Алмас Темірбай 30 шақты облыстық, республикалық, xалықаралық поэзия байқауларының, мүшәйралардың жеңімпазы, жүлдегері. Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. (2008), Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дарын мемлекеттік сыйлығы лауреаты. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының тұңғыш лауреаты (2009). ҚР Президенті стипендиясының 3 мәрте иегері. Қазақтың көрнекті ақыны Жүрсін Ерман ұйымдастырған республикалық «Бір өлең – бір әлем» мүшәйрасына екі рет қатысып, ақпан айында І орынды иеленсе, қазан айында Бас жүлдені қанжығасына байлап, жеңіл автокөлікті жеңіп алған (2008). Топтама өлеңдері «Қазақстан жас ақындар антологиясы», «Қос ішек», «Зеренді көктемі», «Жас толқын», «Сыр-сандықты ашып қара», «Ел жүрегіндегі Ес-аға», «Жыр өзегі ─ елдік, тіл, рух» және т.б. ұжымдық жыр жинақтарға жарық көрген. «Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң» атты өлең кітаптарының авторы. Алмас Темірбайдың өлеңіне жазылған әндер бүгінде Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауында айтылып жүр. Белгілі әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұртас Ахатұлының А.Темірбай шығармашылығы туралы жазған «Алаштың Алмас ақыны» атты монографиясы «Келешек-2030» баспасынан жеке кітап болып 2008 жылы жарық көрген. Рабиндранат ТагорЖалаладдин РумиСергей ЕсенинКанапьянов Баxытжан және қырғыз ақыны Калыбеков Нурлан өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

05.10.2018
Бөлісу:
Пікір қалдыру: