Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Аман Кәлетаев

Аман Кәлетаев 1946 жылдың 1 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шорға ауылында туған. Туған ауылынан түлеп ұшқан жас 1965-1968 жылдары Балтық теңізі жағалауында әскери борышын өтеді. Жастайынан жан қалауы өнер мен әдебиет болғанымен, тағдыр оның таңдауын өзге салаға бұрған еді.

Аман Кәлетаев Қарағанды кооператив институтын тәмамдағаннан кейін туған аулына оралып, 1969 жылдан бастап қаржы саласында табысты да абыройлы еңбек етеді. 1969-1983 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды. 1983 жылдан бастап Зайсан аудандық қаржы саласына басшылық қызметте болды.

Кәлетаевтың қаламынан туған тұмса жырлар республикалық, облыстық газет-журналдарда жиі жарияланып келеді. Ол - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ақынның Тебіреніс, Іңкәр дүние, Всем сердцем атты жыр кітаптары әдебиет сүйер қауымға белгілі. Зейнетке шыққан соң да оның қаламы қолынан түскен емес.

 

21.11.2018
Бөлісу:
Пікір қалдыру: