Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Аудио
ТЕРМЕ
Арман Бердалин
Арман Бердалин - adebiportal.kz

Бердалин Арман Тілектесұлы 1983 жылдың 10-шы желтоқсанында СҚО, Ақжар ауданы ( бұрыңғы Көкшетау облысы, Ленинград ауданы), Айсары ауылында дүниеге келген.

 


 


Жетістіктері:


 

-1991-1992 жылдардағы Республикалық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы;
-1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына өткен оқушылар айтысының жүлдегері;
-1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына өткен айтыстың жүлдегері;
-1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыстың жүлдегері;
2002 жылы Атырауда өткен Махамбеттің 200 жылдығына арналған айтыста I-орынға ие болды;
-2003 жылы Мағжан Жұмабайұлының 110 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында II-орынға ие болды;
-2003 жылы ағартушы ғалым Сейтен Сауытбековтың 95 жылдығына арналған Айтыста Бас жүлдені жеңіп алды;
-2003 жылы Астана Дулат Бабатайұлының 200 жылдығына арналған айтыста Ерік Асқаров атындағы жүлденің иегері;
-2004 жылы Көкен Шәкейұлының 80 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды;
-2004 жылы Москвада Қазақстан-Ресей достығына арналған Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды;
-2004 жылы Қырғызстанда өткен Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды;
-2005 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды;
-2005 жылы Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына арналған айтыста I-орын;
-2006 жылы Қостанай облысының 70 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды;
-2006 жылы Ақтөбе қаласында Шығанақ Берсиевтың 125 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды;
-2009 жылы Түркияның Ерзурум, Анкара қалаларында өткен Түркітілдес елдердің арасында Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды;
-2009 жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының және «Асыл арна»телеарнасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені жеңіп алды;
-2010 жылы СҚО-да Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына арналған айтыста Бас жүлдені жеңіп алды;
-2011 жылы Алматы облысында Ақсу ауданының 80 жылдығы және Біржан мен Сараның айтысының 140 жылдығына арналған ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды.
-2011 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған.
-2013 жылы Әзірет Сұлтан мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Текті сөздің төресі - терме» атты Республикалық мүшайрада Бас жүлдені жеңіп алды. 
-2013 жылы ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
-2013 жылы «Құрметті қажы» төсбелгісімен марапатталған.
-2015 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»
медалімен наградталған.

24.05.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру:

Көп оқылғандар