Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Аудио
ӘН
Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - adebiportal.kz

Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы ҚҰДАЙБЕРГЕН 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Әкесі Қанат Айтбаев - облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева - облыстық маслихат депутаты. Ол ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастаған. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанған.  

 

2010 жылы «Байқонырдың Әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы «Жас қанат» Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар» Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды. 2013 жылы Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар Димаш Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған. Екі күн ішінде жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады.

 

2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты. Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренген. Балалар хорында ән айтқан. Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс тағы басқа тілдерде ән орындайды.

 

Димаш Құдайберген Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп, екінші орынды жеңіп алды. Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді.

 

24.05.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру:

Көп оқылғандар