Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Баянауылдық жас ақын Еламан Қабділәшімнің жүрегінде поэзияға деген ғашықтық, адалдық сезімдері ұялағаны сезіледі. Ол  қазіргі кезде  «басын тауға да ұрып, тасқа да ұрып» өзінің ақындық «Менін» іздеп жүрген секілді. Тынымсыз ізденіс үстіндегі ақын түбі шеберлікке де жетеді.

 

            «...Сен тарту етші сезімді балдай,

            Алдында ешкімнің төмендемейін.

            Қарашы маған көзіңді алмай,

        Қарашығыңнан өлең көрейін...», - деген жолдарда өзінің сүйген қызының қарашығынан да өлең оқығысы келетін ақынның поэзияға деген ақадал көңілі, іңкәр сезімі мөлдіреп тұрғандай.

            «...Жүрегімді нәзік гүлге телідім.

            Мен де өтермін, түстей болып сері күн,

            Қайталамай ешкімнің де өлеңін,

            Қайталамай ешкімнің де өлімін...», - дейді ол «Өлеңбаянында». 

           

Қалай десек те, ол өлең өлкесіне өз үнімен енген жас дарын. Еламанға қызығынан гөрі қиындығы басымдау сапарда айың оңыңнан туып, өз жолыңды таба біл деген игі тілегімді білдіремін.

 

Арман ҚАНИ,

ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.

 

11.10.2018
Бөлісу:
Пікір қалдыру: