Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Есенқұл Жақыпбек

Есенқұл Жақыпбек

Есенқұл Жақыпбеков 1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Бірлік ауылында дүниеге келген.  1974 жылдың тамыз айынан аудандық газет редакциясында қызмет істей бастады. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы өнер мектебінде айтыс ақындарына дәріс береді. Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық бөлімшесі поэзия секторының меңгерушісі,  Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің Бас редакторы болып қызмет атқарған. «Бастау», «Ағымнан жарыламын», «Біз екеуміз», «Жеріңе табын», «Біздің елдің жігіттері», «Есіл дүниеай!», «Жан қисса», «Бұл жаз да өтер», «Тау басында кәрі қар», «Сарғайған сары терезе» атты кітаптары жарық көрген. Телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты. Айтыс сахнасында 30 жылдай еңбек еткен. Халық арасында кең таралған ән-термелердің авторы. Ақын 2013 жылы дүниеден өтті.


 

20.11.2018
Бөлісу:
Пікір қалдыру: