Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Аудио
АУДИОПОЭЗИЯ
Қасымхан Бегманов
Қасымхан Бегманов - adebiportal.kz

Қасымхан Сейітханұлы Бегманов - (20.9.1958 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы) - ақын. Қазақ политехникалық институтын (казіргі ҚазҰТУ) бітірген (1980). 1980 - 82 жылдары Шымкент қаласындағы троллейбус паркінде мастер, эксплуатация бөлімінің бастығы, техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер, 1982 - 87 жылдары Шымкент облысы атқару кабинетінде жауапты қызметкер, 1987 - 98 жылдары Түркістан қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қалалық атқару комитетінің аға референті, Облысы балалар қоры бөлімшесінің төрағасы, Жалын журналының жауапты хатшысы, Қазақстан жазушылар одағы хатшысының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы жанындағы әдебиетшілердін ассоциациясының бас директоры, Алматы қаласындағы Бостандық ауданы Қазақ тілі қоғамының төрағасы, Қазақстан Үкіметі Премьер-министрінің кеңесінде бае маман, референтаға референт, 1998 - 2000 ж. Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зертхана институты директорының орынбасары қызметтерін атқарган. 2000 жылдан ТұранӘлемБанктің баспасөз қызметінің жетекшісі. Тұңғыш жыр жинағы Бастау 1980 жылы жарық көрген. Бірқатар өлеңдері Тоғыз перне (1987), Жүрек толқындары жинақтарына енген. Қарашық (1990), Бесіктен бейітке дейін (1997), Сағыныш (2000), т.б. кітаптардың авторы. Өлеңдері орыстүрікөзбекқырғыз тілдеріне аударылған. Қазақстан Жастар одағы сыйлық (1990), Халықаралық Алаш әдеби сыйлық (2003) иегері.[1]

11.10.2018
Бөлісу:
Пікір қалдыру:

Көп оқылғандар