Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Шың­ғыс Айтматов (1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қыр­ғыз АКСР — 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) — ойшыл гума­нист, данагөй, қазақ-қыр­ғызға ортақ халық жазушысы, Социа­листік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.
Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашы­лы­ғы мен өмірі бастан-аяқ қазақ хал­қымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәми­ла­дан» бастап, әлемге та­ны­мал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасыр­дан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты бар­лық шығар­маларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қыр­ғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді.


Оқыған: Ғылымхал Манай

16.08.2019
Бөлісу:
Пікір қалдыру: