Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Видео
"Қара кемпір" толғауы негізінде фильм түсірілді

"Қара кемпір" толғауы негізінде фильм түсірілді

12 мамыр 2015

Композитор Алтынбек Қоразбаевтың "Қара кемпір" толғауының желісі бойынша түсірілген фильм көрерменге жол тартты.


Фильм Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында түсіріліп отыр. Онда А.Қоразбаев шығармасының басты кейіпкері - Қали әжейдің жас кезі мен қартайған шағы, соғыс кезіндегі қазақ даласындағы ауыр жағдай бейнеленген.


Қосшығұлы мен Жексенқұлын жоқтаған әйгілі «Қара кемпір» бәріңіздің есіңізде болар. Сондай-ақ, «Жалғыз өзі әскерге кеткен ұлдарын жоқтап, көше кезіп жүретін сондай бір жынды кемпір болыпты» деген аңызға бергісіз әңгіменің ел аузында қалғаны да рас. Бірақ, бұл әңгіме жай аңыз емес, "Қара кемпірге" айналған Қали әжей кешегі жетпісінші жылдары дүниеден өтті. Оның көзін көрген, сол кездегі оқиғаға куә болған адамдар әлі арамызда. Жамбыл облысы, Мерке ауданындағы Қызылсай ауылында "Қара кемпірге" арнап тұрғызылған ескерткіш те бар.


Қали әжей қайтыс болғаннан кейін оның туыстары қорасындағы отыз шақты қойы мен оннан астам сиырын өзара талан-таражға салған. Ал, ауыл балалары марқұмның үйіне кіріп, жинаған ақшаларын көшеге шашқан деседі. Жалғызбасты қазақ әйелінің осынау ауыр тағдыры жайындағы фильм "Білім және мәдениет" телеарнасының бастамасымен түсіріліп отыр. Авторы Нұрлан Соңғыбайұлы, режиссері Бақыт Найзабеков.


Фильм барысында театрланған қойылымдардан бөлек Қали әжейдің көзін көрген ауылдастары, толғаудың авторы Алтынбек Қоразбаевтың өзі де оқиғаны өз ауызымен баяндайды. 


Бөлісу: