Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Видео
Әлібек Шегебай: Көктем (видео)

Әлібек Шегебай: Көктем (видео)



Көктем


Қызыл, жасыл гүл қаптап қыр басына,
Бар адамның бақ қонар дүр басына.
Күн сығалап қарайды мейіріммен
Ағаштардың тағынған сырғасына.


Жылу сыйлап жүрекке жүзік көңіл,
Жер бетінде басталар қызықты өмір.
Тырналардың тырауы, көңіліңнің
Жіберердей пернесін үзіп те бір.


Ғаламат ғой шынында көктем деген,
Өмір деген не десе, көктем дер ем.
Алай-дүлей азапты тіршіліктен
Дүр сілкініп тазарар шөккен денең.


Жасағанмен көкке Күн, Ай төрелік,
Егер көктем болмаса қайтер едік.
Сұлулықты көктемнен көрмегенде
Сұлусың - деп, біз кімге айтар едік.


Солай досым, арманы асқаралы,
Көктем жайлы жырлайды жастар әлі.
Махаббат та, мейірім, шапағат та,
Барлығы да көктемнен басталады.


Аққу ұшып, қаз қонып, көл бетінде..,
Сұлудың да нұр ойнар келбетінде.
Тамырына қан құяр тіршіліктің
Көктем мәңгі жасасын жер бетінде.


Әлібек Шегебай

Бөлісу: