Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Жүрсін Ерманның шығармашылық кеші өтеді

02.06.2016 266

Жүрсін Ерманның шығармашылық кеші өтеді


Жүрсін Ерман.jpg



Алматы қаласында 6-маусым күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, айтыс жанашыры, ақын Жүрсін Ерманның шығармашылық кеші өтеді. Бұл шараны Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырып отыр.


Кешке Республикаға танымал Ерлан Рысқали, Роза Әлқожа, Еркін Нұржан, Сүлеймен Ибрагимов, Аллажар Қайбар, Бота Тұрмағамбетова, Серік Жанболат т.б әншілермен бірге: Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Дәулеткерей Кәпұлы, Еркебұлан Қайназар, Болатбек Оразбаев, Аспанбек Шұғатаев, Иранғайып Күзембаев, Мейірбек Сұлтанхан, Бауыржан Халиолла, Қалижан Білдашев, Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезімхан, Хазірет Бердіхан, Айтбек Тұрсынбаев сияқты айтыскер ақындар және белгілі пародист Олжас Сыдықбек қатысады.


Сонымен бірге Серік Ақсұңқарұлы, Несіпбек Айтұлы, Ғалым Жайлыбай сияқты қаламгер достары жырмен шашу шашпақ. Ақынның кешін белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жүргізеді.


Танымал әншілер ақынның сөзіне жазылған әндерді орындайды. Сондай-ақ ақынның өлеңдері оқылып, айтыскерлер айтысады. Кешті "Хабар" арнасы толық түсіреді.


Өтетін уақыты: 2016 жыл 6- маусым сағат 17: 00



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар