Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов пәтерлі болды...

01.07.2014 5313

Ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов пәтерлі болды

10421501_679376878776956_1375055490975284699_n (1).jpg

Біз ақын Нұрмұхамед Әбілқасымов жайында бұрын да айтқан болатынбыз. Мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан Нұрмұхаммед ақын бірнеше жыр жинақтың авторы. Ол өмірдегі барлық қиындықты төзіммен, сабырмен жеңген ақын. Өлеңдерін аузына таяқша тістеп ұялы телефонға ғана хабарлама түрінде жазып, не бары 4-5 жылдың ішінде ақындық әлемде төселіп, екі жыр жинақ шығару деген бұл – үлкен жетістік. Бүгін ақынның отбасында ерекше қуаныш! Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовты қабылдап, талантты жанға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

1560704_679376882110289_8971685776197709606_n.jpg

«– Тепсе темір үзетін талай жандар бос жүр. Ал сенің мына еңбегін нағыз ерлікпен пара-пар. Он екі мүшеңнің түгел еместігіне қарамастан өмір сүруге құлшынысың жоғары. Жыр жинақтарыңды арнайы оқып шықтым», – деді аймақ басшысы. Ақынды қуанышымен біз де құттықтаймыз! Әрдайым шаңырағыңыздан шаттық үзілмесін, аяулы ақын!

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар