Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жүрекке жол тартқан "Жырлар"...

29.07.2014 2710

Жүрекке жол тартқан "Жырлар"

Жүрекке жол тартқан "Жырлар" - adebiportal.kz

10525853_10202632730080443_7010879850927202207_n.jpg


Қазақ әдебиетінде тағы бір жағымды жаңалық! Әдебиет сүйер қауымнан сүйінші сұраймыз! Қазақтың талантты ақыны Ұлықбек Есдәулеттің Анкара қаласындағы "BENGU" баспасынан "Siirler" ("Жырлар") деген атпен жыр жинағы жарық көрді. Жинақты түрік тіліне аударған Мәлік Отарбаев, тәржімасын редакциялаған түрік ақыны Метин Өзарыслан. Жыр жинақтың алғысөзін жазған Евразия Жазушылар одағының төрағасы, белгілі түрік прозашысы Якуб Омероғлы. Ақынның жылқы жылы туылғанын ескеріп, кітап мұқабасын арғымақтардың суретімен безендіріпті. Өскеменде өткен ақынның 60 жылдық мерейтойында Якуб Омероғлы арнайы келіп, осы сүйінші хабарды қалың оқырманға жеткізген болатын.  Әзірге ақынның қолында жинақтың тек 20 данасы ғана бар екен. Бұған дейін талантты ақынның Қытай, Монғолия елдерінде де бірнеше кітаптары жарық көрген болатын. Алдағы күзде Түркия елінде және Алматы, Астана қалаларында ақын жинағының тұсаукесер рәсімі болады деп күтілуде. 






adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар