Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«KitapFest» кітаптар фестивалі өтеді

15.08.2014 3244

«KitapFest» кітаптар фестивалі өтеді

book-care_big.jpg16 тамыз күні  Алматыда «KitapFest» кітаптар фестивалі өтеді.  Аталмыш шара кітаптың құндылығын дәріптеп, түрлі жас шамасындағы тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын аттыру.
Фестиваль қатысушылары Әбдіжәміл Нүрпейісов, Дастан Қадыржанов, Аян Құдайқұлова, Аджиджиро Кумано, Зира Наурызбаева, Павел Банников сияқты ақын және жазушылармен кездесу мүмкіндігіне ие болады.
10 алматылық баспа мен 5 ірі кітап сататын компаниялар өз тауарларын таныстырады. Ол «Таймас», «Аруна», «Атамұра», «Алматы кітап», «Мектеп» және басқалары. Фестиваль барысында авторлар шебер сабақтарын беріп, дәріс оқылады. Сонымен қатар, шара барысында кітаптар 15%-дық жеңілдікпен сатылады.
Фестивал негізінде балаларға арналған кітапхана да болады. Ол жерде бүлдіршіндер түрлі сайыстарға қатыса алады. Сонымен қатар, бағдарлама барысында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған кітаптар» атты шарада қаржылай көмек көрсетуге болады.

adebiportal.kz








Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар