Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Есенғали Раушанов. Еркек....

07.05.2015 7241

Есенғали Раушанов. Еркек.

Есенғали Раушанов. Еркек. - adebiportal.kz


 

23025db3eb2ee250a36b70ff8b213a77.jpg 

 

ЕРКЕК

Тасырқағанда тас жауған,

Тау болды ұйықтар айлағым.

Қасқырдан анау, 

Қас жаудан

Тартып ап апан жайладым.

 

Жетіп бір құлан қайырып,

Желкеден алдым жеміт деп.

Тағыдан олжа айырып,

Тарпаңды міндім көлік деп.

 

Батырша күліп түрегеп,

Отырдым жылап ақынша.

Жанымды тостым «міне» деп,

Жолбарыс-тағдыр атылса.

 

Суықта суыр асым боп,

Сусыным бастым мұзбенен.

Жатыры мұның асыл деп,

Жандастым қабылан қызбенен.

 

Қасқайып өстім шыңымда

Қара да беріш қайың боп.

Ендігі қалған ғұмырда,

Езілетұғын жайым жоқ.

 

Ақыры барып жатам бір,

Сен айтпа маған тамұқты.

Тапқан екенсің, а, тағдыр,

Талқыңа көнер ғаріпті!

 

Кетеді шаһит сорласа,

Несі бар қорқар заты ұлдың.

Ып-ыстық жасы болмаса

 

Ана бір қабылан қатынның.

 

Есенғали Раушанов


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар