Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Министр жазушылардың қаламақы мәселесін шешіп беруге уәде берді

23.05.2016 263

Министр жазушылардың қаламақы мәселесін шешіп беруге уәде берді


f9af188ecf5218cc13e9494e0a4.JPG

Қазіргі кезде пайданың бәрін баспалар көріп жатыр. Ал авторларға қаламқының тек 10 пайызы ғана төленеді. Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, бұрын жазушылар қаламақы алса, бірден үй мен көлік сатып алатын. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кездесуі кезінде осы мәселе қайтадан көтерілді.


«Шыны керек, бізде үлкен бір кемішілік бар. Екі жыл болды. Мен Сенат пен Мәжіліске барған сайын қатырамын деймін. Сосын Марат Әзілхановтан (мәдениет және спорт вице-министрі – авт.) әрдайым сұраймын, осы заңға өзгеріс қашан енгіземіз деп. Марат та мені алдайды (күлді). Мараттың өзін тыңдайықшы», - деді министр орынбасарына қаратып айтқан сөзінде. Оған вице-министр Марат Әзілханов: «Бәрі зерттеліп жатыр ғой. Уақыты келгенде бәрі енгізіледі ғой», - деп қысқа ғана жауап берді. «Жо-жоқ, шыны керек, гонорар мәселесін шешпейінше... Кеше Махмұд Базарқұлұлының (Қасымбеков – ҚР Президент канцеляриясының бастығы) өзі айтып жатыр. Авторларға қаламақының тек 10 пайызын ғана төлейді. Біз заңға өзгеріс енгізуіміз керек. Осыған қатысты бір сөз бар ғой, «жұмыс істейтін оң қол, қызықтың бәрін көретін сол қол» деген. Сол сияқты қазір қызықтың бәрін баспалар көріп жатыр. Сондықтан, Марат, осы мәселені шешу керек», - деді А.Мұхамедиұлы.


Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, бұрын жазушылар қаламақы алса, бірден үй сатып алатын. «Бұрын кезекке тұрып, гонорар алатынбыз. Анау алдымыздағы ағаларымыз бір роман жазса, үй сатып алатын. Волга сатып алатын, ол кезде басқа машина жоқ. Сонан кейін ол кезде ресторанға бармайды, топ-топқа бөліп, бір ай бойы үйіне қонақ шақыратын. Қазір сен роман жазбақ түгіл трилогия жазсаң да, соқыр тиын ала алмайсың. Не деген сұмдық бұл! Жерге қарап отырған жоқпыз ғой. Сондықтан бұл гонорар мәселесін Президенттің өзіне де айттық. Әне дейді, міне дейді, шешеді деп ойлаймын», - дейді М.Жолдасбеков.



baq.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар