Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әділбек Абайділдановтың «Әділбек Абайділданов шыға...

15.11.2013 3490

Әділбек Абайділдановтың «Әділбек Абайділданов шығармалары» атты кітабының тұсаукесері өтті

Әділбек Абайділдановтың «Әділбек Абайділданов шығармалары» атты кітабының тұсаукесері өтті - adebiportal.kz
2e7475bbc11744eacbd95682e1376e0d.jpg
Астана. 15 қараша. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Әділбек Абайділдановтың «Әділбек Абайділданов шығармалары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне Несіпбек Айтұлы, Серік Тұрғынбекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Сәулебек Асылханов, Серік Тұрғынбекұлы қатысты. 
«Әділбек Абайділданов шығармалары» атты кітапқа өмірден ерте кеткен ақынның әр жылдары жарық көрген таңдаулы өлеңдері мен поэмалары топтастырылған. Жинақты оқыған оқырманға жүйріктің шабысын, даланың дауысын, жүректің қағысын жырларымен үндестірген ақын жаны өлеңмен бірге өрілгендей әсер қалдырады. А.Абайділданов аударма саласына бір кісідей ат салысты. М. Лермонтов, А.Блок, И.Франко шығармаларын, Орыс совет поэзиясының антологиясынан өлеңдер аударуға қатысты. 
Ол 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Латын Америкасының ақындары» жинағынан әлемге әйгілі ақындар чилилік ақындар Габриэла Магистраль мен Пабло Неруда өлеңдерін қазақ тілінде сөйлетті. Сондай-ақ, 1976 жылы «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен жарық көрген «Николай Островский» атты кітапты (авторы Раиса Островская) аударды. Жарық көрген жыр жинақтары: «Ақ қайың», «Салтанат», «Қыран», «Алыс көкжиек», «Сокол», «Маржан». 
Ақын 1984 жылы өмірден озған.

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар