Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Совет-Хан Ғаббасов 75 жасқа толды...

12.02.2014 4477

Совет-Хан Ғаббасов 75 жасқа толды

Совет-Хан  Ғаббасов 75 жасқа толды - adebiportal.kz
Sovethan Gabbasov.jpg

Бүгін яғни, ақпанның 12 жұлдызы қазақтың қарымды қаламгері, белгілі профессор-ғалым, Зайсан ауданының Құрметті азаматы және Махамбет сыйлығының лауреаты Совет-Хан Ғаббасовтың туған күні.  Осынау атаулы күні ол мерейлі 75 жасқа қадам басып отыр. 

“Қағаз бен қаламға серт” еткен қаламгер қашанда адамдық пен ізгіліктің жаршысындай болды десек, қателеспейміз. Қара сөзбен өз дәуірінің жанын нұрландыруға, сонымен бірге, жаралы ғасырының жүрегін емдеуге  оның әр жылдары жарық көрген кітаптары септігін тигізді. Әсілі, оның мамандығы – дәрігер. Алайда, Совет-Хан Ғаббасов өз кезеңінің, сол тұстағы қоғамының “дәрігері” бола білді.

Оның  “Қыран қия”, “Ана жүрегі”, “Өскен ұя”, “Серпер”  және тағы басқа да туындылары руханият әлеміне Рух вакцинасын егіп қана қоймай, адам жанының қатпарлы лабороториясына үңілуге мүмкіндік берді.   Жазушылық пен ғылымды қатар ұстаған қаламгер “сегіз қырлы, бір сырлылығымен” ерекшеленеді. Әдебиет саласындағы емеурінді ойлары мен тегеурінді пайымдары жазушылықтың жоғарғы сатысына жеткендігін көрсетсе керек.

75 жылдық мерейтойына орай біз бүгін таңертең Совет-Хан Ғаббасовты құттықтап,  телефон арқылы сұхбаттасқан болатынбыз. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар