Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада ақын Марфуға Бектемірованы еске алу кеші өтеді

18.05.2016 227

Астанада ақын Марфуға Бектемірованы еске алу кеші өтеді


марфуга.jpg

Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 20 мамыр күні сағат 15:00-де талантты ақын, қаламы жүйрік журналист, шебер аудармашы МАРФУҒА БЕКТЕМІРОВАНЫ еске алуға арналған «ДАРИҒА ЖЫРДЫҢ ДӘУРЕНІ...» атты әдеби кеш өтеді.

"Ақын болған әйелмін, ақыл қонған анамын,


Бір қолымда өлеңім, бір қолымда бөбегім" - деп жырлаған
талантты ақын Марфуға Бектемірова туралы Несіпбек Айтұлы ағамыз кезінде:

"Марфуғаның бір ерекшелігі - өлеңді күшке салмай, еркін жазатындығы. Оның өлеңдерін оқығанда қиналмай оқисың. Кейбіреулер өлеңді оп-оңай жазыла салатын дүние көргенімен оның әдіс-тәсілдері, амалдары қаншама. Соның бәрін Марфуға шебер меңгерген. Жыр жолы – ауыр да ұзақ жол. Марфуға поэзияның ауыр да ұзақ жолында көңіліне қанат байлап, биіктеп бара жатқан ақын", - деп бағасын берген екен.


Жарқ етіп жанып-өшкен Марфуға ақын енді ортамызда жоқ, өкінішті. Артында жыр кітаптары қалды, ақын атын сөзі өлтірмейді емес пе?! Ендеше, ақынды еске алу кешіне келіңіздер, ағайын!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар