Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған «...

21.05.2015 2787

Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған «Жібектей есілмеген жол» кітабы жарық көрді

Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған «Жібектей есілмеген жол» кітабы жарық көрді - adebiportal.kz


Мәскеудің «Международные отношения» баспасынан ресейлік белгілі жазушы Сергей Плехановтың Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған «Жібектей есілмеген жол» («Не щелковый путь») атты кітабы жарық көрді. Кеше Мәскеуде, Ресей Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қабылдау үйінде орыс жазушысы Сергей Плехановтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазған «Жібектей есілмеген жол» («Не шелковый путь»)  атты кітабының тұсаукесері өтті.



               20150521090036.jpg



ХІХ ғасырда тұрғызылған, Мәскеудегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі саналатын зәулім сарайда ұйымдастырылған бұл салтанатты шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Елбасының өмір жолына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық қасиеттеріне қатысты көңіл толқытар, талайға ой салар әңгімелер айтылды. Сондай-ақ, еңбекті жазу барысында автордың талмай, аянбай тер төккені, кейіпкерін сомдарда адалдықтан аттамай, шындықты ту етіп ұстай білгені де кеңінен сөз етілді. Тарата айтар болсақ, айтулы жиынға арнайы қатысқан Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Президентіне деген ыстық ықы­ласқа толы лебізін білдіре келіп, «Жібектей есілмеген жол» кітабының маңыздылығына, жазушының өз кейіпкерінің болмыс-бітімін, сан-салалы еңбегін, қайраткерлік қасиетін, өз елін өрге сүйреуде табандылық көрсетіп келе жатқанын, қарым-қабілетін, ерік-жігерін, адами жан дүниесін көркем тілмен жеткізе білгеніне тоқталды.



              20150521090045.jpg



Сондай-ақ, жиынға қатысқандар арасында Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық басқармасының төрағасы, Жазушылардың халықаралық қауымдастығы атқару комитетінің бірінші хатшысы Владимир Бояринов, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, КСРО-ның халық әртісі Армен Джигарханян, Әзербайжан КСР-інің халық әртісі, аталған республиканың Ресейдегі елшісі Полад Бюльбюльоғлы, белгілі саясаттанушы Максим Шевченко, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Марат Тәжин, «Назарбаев орталығы» көпсалалы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев және тағы басқалар Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде және «Жібектей есілмеген жол» кітабына қатысты өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында барлық қатысушылар Елбасына арналған ерен еңбек – «Жібектей есілмеген жол» кітабы қалың оқырманның сүйіп оқитын дүниесіне айналатынына сенім білдірді.






adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар