Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауы...

25.05.2015 4184

«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауы өз мәресіне жетті

«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауы өз мәресіне жетті - adebiportal.kz

2af94b7ff7221ae9aaabe7cf5c68def5 (1).jpg

«Әдебиет порталы» интернет-жобасы ұйымдастырған мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Менің алғашқы кітабым» эссе байқауы өз мәресіне жетті. 


Байқауды ұйымдастырған мақсатымыз – мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау. Білімді, қабілетті жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашыл жастарды оқырмандарға интернет арқылы таныту болатын. Байқауға республика аймағындағы 8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының шығармалары қатыстырылды. Байқауға ұсынылған  шығармалар екі тілде (қазақ, орыс тілдерінде) қабылданды. 

Байқау жеңімпаздарын  бағалау кезінде қазылар алқасы үміткерлердің «Менің алғашқы кітабым» тақырыбында ұсынған шығармалардың тіл тазалығына, тақырыптың мазмұндылығында, көркемдік танымына, шығармашылық сауаттылығына баса назар аударды. Байқауға Астана қаласының мектептерінен, Қарағанды, Жезқазған, Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан қазақ тілінде барлығы 55 шығарма келіп түсті. Біз бүгін назарларыңызға үздік деп танылған 10 эссені ұсынамыз. 






«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауында үздік деп танылған 10 эссе:



1. Әлия Іңкәрбек – Алматы облысы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы


2.  Дина Бөкебай – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақыауылы № 25 мектебінің 9-ынып оқушысы


3. Адина Иманбаева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы


4. Азамат Бақиев – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,Көпжасар ауылы, Д.Нұрпейісова мектебінің 10-сынып оқушысы


5. Жадыра Мырзабай – Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы


6. Сымбат Құттыбай – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы


7Айбибі Қуандықова – Астана қаласы №61 орта мектебінің 6-сынып оқушысы


8 Жібек Беркутова – Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №1 орта мектебінің 8-сынып оқушысы


9Гүлнұр Тұрсынханова – Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің 9-сынып оқушысы


10. Дария Исмаилова – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы




Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 29 мамыр күні өтеді. Өтетін уақыты мен мекен-жайы жеңімпаздарға қосымша хабарланады.



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар