Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚарМУ-да "Әдебиет порталының" таныстырылымы өтті...

25.04.2014 3803

ҚарМУ-да "Әдебиет порталының" таныстырылымы өтті

ҚарМУ-да "Әдебиет порталының" таныстырылымы өтті - adebiportal.kz

2014 жылдың 25 сәуірінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде филология факультетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен  «Әдебиет порталы» интернет-жобасына арналған дөңгелек үстел өтті.

Классикалық және қазіргі заман  қазақ әдеби, ғылыми әдебиеттерінің ең мықты үлгілеріне еркін қатынауды қамтамасыз ету және  қазақ әдебиетін көпшілікке тарату – порталдың басты мақсаты болғандықтан, бұл жоба студенттер мен оқытушылар үшін өте маңызды.

Университет қабырғасындағы порталдың таныстырылым рәсімін филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали мырза бастады. Сондай-ақ дөңгелек үстел ұйымдастырушылары, кітапхана директоры Әлмағамбетова Дәметкен ханым мен Әубакіров Ғабдысағит мырза «Әдебиет порталын» студенттерге аса үлкен дайындықпен таныстырды. «Әдебиет порталы» интернет-жобасы барлық Қазақстандықтарға және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің білім алу кеңістігінде  теңдесіз орын алатыны жайлы сөз қозғады. 

Дөңгелек үстел аясында  жаңа әдеби ресурстардың таныстырылымы өтті. Студенттер  іздестіру жүйесімен қоса порталдың жаңа мүмкіндіктерімен танысты. Оқытушылар тарапынан «Аударма», «Қысқаша мазмұн», «Әдебиеттану» сияқты арнайы жобалары арқылы студенттер жеке шығармашылығын дамыту мүмкіндіктерін қолдану жайлы ұсыныстар жасады. Әсіресе студенттерді онлайн интернет-конференцияның өткізілу ерекшеліктері қызықтырды.Таныстырылымның концепциясын ғылыми кітапхана маманы Айгерім Макачева  ұсынып, филология факультетінің аға оқытушысы Ләззат Қожахметова порталдың мазмұнымен толық таныстырып кетті. 

IMG_0270.JPG

IMG_0277.JPG

IMG_0286.JPG

IMG_0293.JPG

IMG_0298.JPG

IMG_0313.JPG

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар