Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ұлы дала тарихы» тарихты суреттермен сөйлетті...

29.05.2014 7653

«Ұлы дала тарихы» тарихты суреттермен сөйлетті

Сурет - өнер туындысы, әрі тарих десек, суретшілік- өміршең өнердің бірі. Суретші - сол шексіз тарихтың бір сәтін ұзақ уақытқа «тоқтата» алған шебер. Мылқау бейнені мыңдаған жылдар бойы түсінікті тілмен «сөйлетіп» қою тек талантты өнер иесінің - суретшінің ғана қолынан келмек. Ондай дарынмен дараланған таланттар қазақта да мол. Солардың қатарында Алмас Сырғабаевтың есімі ерекше. 

IMG_3771.JPG

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күніне «Халық қасіреті және тарих тағылымы» атты кітап көрмесі және Алмас Сырғабаевтың «Ұлы дала тарихы» көркем сурет көрмесінің ашылуы болды. Кітап экпозициясында ҚР ҰАК қорынан Қазақстандағы саяси репрессияға арналған 200-ден аса кітаптар, журналдар, жинақтар қойылды. 

IMG_3808.JPG

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тақырыбы суретші Алмас Сырғабаевтың туындыларында бейнеленген. Оның «Қара орамал», «Жанталас», «Қаралы көш», «Мұңлы әуен» картиналары мен алашордашылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков және басқаларының портреттері сол зұлмат жылдардың қасіретін ғана емес, адамдардың ашынуын, торығуын, үрейін, солай болғанмен мұқалмас қайрат-жігерін, өмірсүйгіштігін бере алған. 

IMG_3775.JPG

Осы туындылардың барлығы саяси қуғын-сүргін қалыбын жасаған біртұтас композицияда дайындалады. Сонымен қатар, көрмеде суретшінің «Астана – әлем қаласы» тақырыбына компьютерлік графика көмегімен плакаттық жанрда жасалған жұмыстары мен кітап иллюстрациялары қойылады. Көрмеде барлығы суретшінің отызға тарта жұмысы пайдаланылған. Суретші Алмас Сырғабаевтың сурет көрмесі 1 шілдеге дейін жұмыс істейді.


«Ұлы дала тарихы» көркем сурет көрмесінен арнайы фоторепортаж

IMG_3810.JPG

IMG_3813.JPG

 IMG_3817.JPG

IMG_3772.JPG

IMG_3794.JPG

IMG_3768.JPG

IMG_3778.JPG

IMG_3779.JPG

IMG_3781.JPG

IMG_3799.JPG

IMG_3791.JPG

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар