Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Күзгі іңір, қаздар

02.05.2016 163

Күзгі іңір, қаздар


6314f14b71c01869big_500x500_500x500.jpg


Кештеу қайтқан құстардың ескі мұңлы дауысы,

Үлкен үйдің түңлігін түре саулап,

қауышып,

Кеседегі ақ шай мен кермек іңгә

тыңдатып,

Сай-саланы самсатып, мұнарлатып,

жырлатып,

Бірі – бастап, бірі – артта қиқулатып түн қатып

Сырып өтіп барады сыңсуы көп

маусым.

Маңқан, шаңқан аспанның

маңдайында әжімі,

Көк мұнардың ұшында

жалаңаяқ жаз үні

Отын терген анамның оң жағында

мен, Есі?!

Қолындағы қоңыры, оның сұлу елесі.

Оңған етек секілді О, мейірімді

белесім.

Қоңыр балақ – уақыт, қойнауында аңқылым,

Екеу болып келер-ді ендігіде жалқы

ұлың!

Жалғыздықтың ғұмыры – жарты деген

еге шын;

Сырт жағымда шалқыған... сыңар

қаздың қаңқылы!



Хайдавын Чилаажав


Аударған Сұраған Рахметұлы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар