Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
"Менің досым" әдеби байқауы

11.06.2014 3810

"Менің досым" әдеби байқауы

10458079_303981636427785_3593852744070327026_n.jpg

Әр адамның өмірде досы бар ғой. Бала күннен бері келе жатқан. Сенің қызметің, атақ-абыройың, байлығың, барлығың мен жоқтығың, аштығың мен тоқтығыңа қарамайтын, онымен кездесе қалсаң - қашан да бала қалпыңа бір-ақ түсіретін, жігеттерге қатысты - алқын-жұлқын күресе кететін, сұлуларға қатысты - түннің бір уағына дейін сықылықтап күлісіп, сырласатын, сенің аман жүргеніңнің өзі, анда-санда бір хабарласқаныңның өзі ол үшін мереке болатын, таңғы алтыда да сен оған хабарласа алатын, туған күніңде ең бірінші болып қоңырау шалатын, қоңырау шалмаса - ренішіңді оған ашық білдіре алатын, дүние жүзінде саған батып сөйлей алатын жалғыз адам - Дос деген таңғажайып Марс жұлдызынан келген бір адам болады ))) Сол "жатпланеталық" ерекше адамды неге жырламасқа, неге өлеңге қоспасқа! 

Қазақстандық софтверлiк компаниялар қауымдастығының (Президенті - Азаматхан Әміртай) "Әдебиет-Olympic" шығармашылық жобалары аясында жас ақындардың "Менің досым" Халықаралық поэзия байқауы өтеді. 

Байқаудың мақсаты: 

«Біріңді қазақ бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос» деп ғұлама ақын Абай айтқандай, қазақ елінің жастары арасындағы достық, бауырластық сезімін насихаттау, достық культін көтеру, қоғамдағы өзара түсіністік пен татулыққа үлес қосу.

Байқаудың шарттары:

Қоғам мүшелері арасындағы достық, бауырластық сезімін жырлаған, достық ұғымының мәнін терең ашқан, достықты адамдар арасындағы ең ізгі дәнекер ретінде көрсеткен, достық сезімінің, дос жүрегінің адам өміріндегі, өз тағдырындағы ерекше орнын айшықтай білген өлеңдер қабылданады.

Өлеңдеріңізбен бірге қысқаша өмірбаяндарыңызды қоса жіберулеріңізді өтінеміз.

Байқау жүлдесі:

Бірінші жүлде - Ноутбук

Екінші жүлде - Нетбук

Үшінші жүлде - ебук (электронды кітап)

Үздік өлеңдердің бәріне - Туинбук 

(Қазақ кітабының тарихында тұңғыш рет «Туинбук» (егіз кітап) форматында шыққан «Ғаршы» (Ақберен Елгезек), "Ғаусар" (Ерлан Жүніс) жыр кітабы сыйға беріледі)

Байқауға келіп түскен барлық шығармалар кітап болып шығады;

Шығармаларды қабылдау уақыты:

Шілде айының 11-ші жұлдызына дейін;

Өлеңдеріңізді және қысқаша өмірбаяндарыңызды мына пошталық мекен-жай бойынша қабылдаймыз:

Dostyk2000@mail.ru



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар