Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Мәңгілік ел – ұлт мұраты» мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау

19.06.2014 1846

«Мәңгілік ел – ұлт мұраты» мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау

        Mushaira-01Final-3-2.png

Астана күні мерекесіне орайластырылған «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» поэзия кешінде «Мәңгілік ел» республикалық мүшәйрасы қорытындыланады. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі «Конгресс Холл» сарайында 1 шілде күні сағат 18.00-де өнер жұлдыздарының қатысуымен өтеді.
Поэзия кешінде жаңа жыр жауһарларымен толыққан қазіргі қазақ поэзиясының туған ел мен астанаға арналған үздік туындыларды оқылып, байқау жеңімпаздары марапатталады. Сондай-ақ байқау қатысушыларының барлық шығармалары топтастырылған кітап басып шығару, туындыларды жариялау жоспарланған. 
Байқау мақсаты – өзге елдермен иық тірескен тәуелсіз Қазақ елін және оның ай дидарлы Астанасын жырғ қосу, үздік туындыларды жинақтау. 
Мәңгілік ел тақырыбы – Отаншылдық, Ұлттық рухтың мерейін асыратын, Елдікке, Бірлікке үндейтін, жас ұрпақтың жігерін жанып, намысын қайрайтын, туған ел мен туған тілге деген сүйіспеншілігін оятатын, қиыннан қиыстырып жырлай білген ақынға толғаған сайын көкжиегі кеңейе түсетін тұғырлы да ғұмырлы тақырып.
Байқау міндеті – байқаудың үздік туындыларын кеңінен дәріптеу, жүректен шыққан әсерлі шығармалар арқылы келер ұрпақ бойына туған елге, астанаға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату. 
Ұйымдастырушылар байқау қатысушыларынан поэзия парақтарында алтын әріппен өрнектелетін қайталанбас, әсерлі туындылар күтеді.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар