Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық мүшәйраның қорытындысы

11.07.2014 2079

«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық мүшәйраның қорытындысы

1017523_557447027700479_4567752664715609564_n.jpgАғымдағы жылдың 10 шілдесінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының бауырында Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев атындағы дәстүрлі республикалық жазба ақындар байқауы өтті. "Поэзия менімен егіз ба едің" деген атпен өткен жыр додасында 20 үміткер бағын сынады. 

Жастардың талантын елімізге танымал ақындар Жанарбек Әшімжан, Алмат Исаділ, Ахмет Кендірбекұлы, Әміре Әрін, Әміреев Жұматай Оспанұлы бағалады. Сондай-ақ аталған шараға Мұқағали ақынның баласы Жұлдыз және келіні Бақытгүл Айдарқызы қатысты. 

«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық мүшәйраның қорытындысы бойынша келесі жас ақындар марапатталды:

Лауреат. Диплом және 40 мың теңге қаржылай сыйлық

1 Саян Есжан. Ақмола облысы
2 Нұрдос Каримов. Қарағанды облысы
3 Әйгерім Аяшева. Маңғыстау облысы
4 Бауыржан Игілік. Шығыс Қазақстан облысы
5 Наурызбек Саршаев. Жамбыл облысы

Жамбыл ауданы әкімінің арнайы жүлдесі. Диплом және 50 мың теңге қаржылай сыйлық

1 Сүйінбай атындағы жүлде - Жарқын Жұпархан. Солтүстік Қазақстан облысы
2 Жамбыл атындағы жүлде - Алтынбек Әлибай. Маңғыстау облысы
3 Үмбетәлі атындағы жүлде - Ерқанат Қуатбекұлы. Алматы облысы

ІІІ орын. Диплом және 60 мың теңге қаржылай сыйлық

1 Әлімжан Әлішерұлы. Оңтүстік Қазақстан облысы
2 Сабырақын Қадыржан. Алматы облысы
3 Шұғайып Ақын. Алматы облысы

ІІ орын. Диплом және 70 мың теңге қаржылай сыйлық

1 Әсем Нұрәділқызы. Алматы облысы
2 Қуаныш Нұржанов. Шығыс Қазақстан облысы

І орын. Диплом және 80 мың теңге қаржылай сыйлық

1 Жұлдызай Сқақова. Астана қаласы

Бас жүлде – Облыс әкімінің арнайы жүлдесі. Диплом және 100 мың теңге қаржылай сыйлық

1 Нұртас Тұрғанбек. Алматы қаласы



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар