Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Менің анам мен әкем» үздік әдеби эссе байқауы...

01.08.2014 9045

«Менің анам мен әкем» үздік әдеби эссе байқауы

«Менің анам мен әкем» үздік әдеби эссе байқауы - adebiportal.kz

adfca353b1da7c30a6d098ecc90fddc3.jpg


«Әдебиет порталы» «Менің анам мен әкем» үздік әдеби эссе байқауын жариялайды. Эссе – шағын көлемдегі проза түріндегі еркін композиция. Эссе – бұл қандай да бір мәселені еркін түрде жазу. Әдебиеттегі эссе – оқырманды ой теңізінде жүздіретін, таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. «Әдебиет порталында» «Менің анам... Менің әкем...» арнайы жобасының аясында ұйымдастырылып отырған әдеби байқауға кез келген жеке тұлға (жасына, кәсібіне, ұлтына, мамандығына қарамастан) қатыса алады. Байқаудың мақсаты – автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру, көркем әдебиетке баулу, әрбір адам ата-анасын құрметтеп, үнемі хабарласып, хал-жайын біліп-тұруға үндеу, «Менің анам мен әкем» тақырыбында жазылған үздік эсселерді интернетте кеңінен насихаттау. Әдеби байқаудың ережесімен толығырақ мына жерден таныс бола аласыздар!






adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар