Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақын Оңайгүл Тұржанның шығармашылық кеші өтеді...

19.06.2015 2538

Ақын Оңайгүл Тұржанның шығармашылық кеші өтеді

Ақын Оңайгүл Тұржанның шығармашылық кеші өтеді - adebiportal.kz

  



11427232_851170361634254_4584631798663405600_n.jpg



22 маусымда Маңғыстау облысы мәдениетінің Астана қаласындағы күндері аясында «Шабыт» шығармашылық орталығының Ж.Жабаев атындағы үлкен концерт залында ақын Оңайгүл Тұржанның азаттық тақырыбына арналған «Теңіздер де шөлдейді» атты шығармашылық кеші өтеді.


О.Тұржан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің доценті, Фариза Оңғарсынова негізін қалаған «Тұмар» журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым-зерттеуші, аудармашы. Ол «Самал» (1987), «Шерқала» (1998), «Жыр-дала» (2001), «Теңіздер де шөлдейді» (2003), «Жыр кітабы» (2007) атты бірнеше жыр жинақтарының авторы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты. 2012 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналып өткізілген республикалық мүшәйраның бас жүлдегері. Лондон қаласында осы жылдың 23 сәуірінде ағылшын тіліне аударылған Оңайгүл Ізтұрғанқызының бір топ өлеңдерінің тұсаукесері өтті.


Өзінің мазмұнды жырларымен республикамызға танымал О.Тұржанның ғылым саласында да өзіндік қолтаңбасы бар. Оның «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» атты монографиясы екінші қайтара басылып шықты. Сондай-ақ Ыстамбул университетінің профессорлары Айла және Айдемир Окаймен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған «Жұртшылықпен байланыс: негізгі ұғымдар, стратегиясы мен тәжірибелері» атты оқулық жазып, жарыққа шығарды. Ол аударма саласына да қомақты үлес қосты. Шетелдік классик-қаламгерлер С.Цвейг, З.Фрейд, В.Шойнка, Г.Васильев шығармаларын қазақ тіліне аударды.


Ақын шығармашылығына арналған «Теңіздер де шөлдейді» атты жыр кеші азаттық тақырыбына арналған. Кеш драмалық-сазды сипатта өтеді. Жыр кешіне Әбіш Кекілбаев, Айман Мұсаходжаева, Қуаныш Сұлтанов, Әкім Тарази, Нұрлан Оразалин, Ақұштап Бақтыгереева бастаған ақын-жазушылар, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, БАҚ өкілдері және басқа да жыр сүйер қауым шақырылып отыр. 


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар