Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бозторғай өлең - боз дала шығармашылық кеші ...

14.10.2014 6139

Бозторғай өлең - боз дала шығармашылық кеші

Бозторғай өлең - боз дала шығармашылық кеші  - adebiportal.kz

Биылғы қара күздің соңына таман, яғни қараша айының 14-ші жұлдызында ҚР Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, журналистика кафедрасының профессоры Қойлыбай Асанұлының 50 жылдық мерей тойына арналған "Бозторғай өлең боз дала" атты шығармашылық кеші өтеді.

1920372_361834887312797_8673522668046914060_n.jpg кітап новый.jpg
Арқа жұрты өнер өлкесінің алтын бесігі іспеттес. Жақсы тыңдарман һәм оқырман қауымын тәрбиелеген Сарыарқа жұрты өз жақсыларын қашанда лайықты құрметке бөлей білген. Дәстүрге айналған өнер мейрамы өз жалғасын әрі қарай таба бермек.
Қойлыбай (Камашке) Асанұлы 1964 жылдың 10 қарашасында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылында шопан отбасында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. Кейін облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан газеттерінде тілші, «Шипагер» денсаулық газетінде бас редактор болып қызмет істейді. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1998 жылдан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика бөлімінде ұстаздық етіп келеді. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.Тәуелсіздіктің 20 жылдық мемлекеттік медалінің иегері. Қазақстан Жоғары оқу орындары арасындағы 2011 жылдың үздік оқытушысы. «Жылымық жылдар жаңғырығы» (эссе, әңгіме-новеллалар, 2004), «Е.А.Букетов-публицист» (ғылыми зерттеу,2006), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (монграфия,2010), «Сөз өнері және журналистика» (оқу құралы, 2012), «Халық шығармашылығындағы көсемсөз кеңістігі»(монграфия, 2012), «Құба таң құлын дүние» (жыр жинағы, 2014), «Экологияның рухани өрісі» (монография, 2014), "Қойлыбайдың қобызы" (жыр жинағы, 2014), "Аңызақ соңы ақ жауын" (эсселер жинағы, 2014) кітаптары жарық көрген.
2014 жылдың 14 қарашасындағы мерей-той басы Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы, "Сарыжайлау" кинотеатрында сағат 11.00-12.30 аралығында өтетін Қойлыбай Дәулетқанұлы туралы түсірілген "Ғибрат" деректі фильмінің көрсетілімі, ақынның шығармашылық еңбектері жөнінде көрме, "Қойлыбайдың қобызы" (жыр жинағы), "Аңызақ соңы ақ жауын" (эсселер жинағы) кітаптарының тұсаукесер рәсімінен басталады. Ал кешкі сағат 17.00-де Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драмма театрында "Бозторғай өлең – боз дала" шығармашылық кешімен жалғасады. Шығармашылық кешке елімізге танымал өнер майталмандары қатысады. Кешті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының иегері, ақтаңгер ақын Аманжол Әлтай жүргізеді. Келем деушілерге есік ашық!
adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар