Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ...

25.09.2015 7404

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ республикалық байқауы мәресіне жетті

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ республикалық байқауы мәресіне жетті - adebiportal.kz



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында Қазақ ұлттық өнер университеті, «Шабыт» корпусының Жамбыл залында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы  ХVІІ республикалық байқауын өткізді.  

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру. 



IMG_4918.JPG



Байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысты.  Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Оралхан Бөкейдің және басқа да елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы – мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанова, ҚР ұлттық академиялық кітапхана басшысының орынбасары, Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкейқызы және қазылар алқасының төрағасы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының басшысы Нұрлан Оразалин бағалады.



IMG_4775.JPG



Екі кезеңнен (проза, поэзия) тұратын республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Олар:

 

Бас жүлде – Манай Ғылымхал (Шығыс Қазақстан облысы)

Жүлделі І орын – Ембергенов Қонысбай  (Жамбыл облысы)

Жүлделі ІІ орын – Қасымхан Ардақ (Ақмола облысы)

Жүлделі ІІІ орын – Алиева Фариза (Оңтүстік Қазақстан облысы)



IMG_4794.JPG



Қалған қатысушылар мен жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқау соңында Оралхан Бөкейдің қарындасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары Ғалия Бөкейқызы байқауға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне алғысын жеткізді.



IMG_4845.JPG


IMG_4911.JPG


IMG_4895.JPG


IMG_4821.JPG


IMG_4909.JPG



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар