Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Республикалық «Аңсар-2014» әдеби байқауының қортын...

13.11.2014 3107

Республикалық «Аңсар-2014» әдеби байқауының қортындысы шықты

20141113150508_IMG_8433.JPG

Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен «Kazfond» Қоғамдық жастар қоры тамыз- қыркүйек айларында 14-30 жас мөлшеріндегі жастардың қатысуымен «Әдебиет порталы» интернет-жобасында республикалық «Аңсар» әдеби байқауын онлайн түрінде өткізді. Порталға «Жылдың үздік жас ақыны-2014», «Жылдың үздік жас қаламгері-2014», «Жылдың үздік жас журналисті-2014» аталымдары бойынша 239 үміткердің 1200-ден астам шығармалары онлайн түрде жарияланып, бағаланды. Портал пайдаланушыларының бағалауымен және тағайындалған әділқазылар алқасының шешімімен барлық аталым бойынша 50 үміткердің шығармасы сараптау кезеңіне қатыстырылды. 

Бүгін Алматы қаласында аталмыш әдеби байқаудың қортындысы шықты. Әдеби байқаудың қазылар алқасын ЕҰУ-ның ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, журналисттер клубының жетекшісі Ғаділбек Шалахметов басқарды. Сонымен Республикалық «Аңсар-2014» әдеби байқауының жеңімпаздары болып «Жылдың үздік жас ақыны-2014» аталымы бойынша талантты ақын Айжан Табаракқызы, «Жылдың үздік жас қаламгері-2014» аталымында жас жазушы Қуат Қиықбай, «Жылдың үздік жас журналисті-2014» аталымында Айнұр Базарбаева жеңімпаз атанды. Әр жеңімпазға 300 мың теңге көлемінде бағалы сыйлық табысталды. Ал ынталандыру сыйлықтарымен Асылбек Жаңбырбай, Анна Мажитова, Жұматай Ыбыраев, Мыңболат Күзенбаевтар марапатталды. Әдеби байқаудың қортындысы ретінде жүлдегерлердің шығармалары 100 дана кітапша етіп шығарылады.

adebıportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар