Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада алғаш рет кітап мұражайы ашылды...

01.12.2014 5550

Астанада алғаш рет кітап мұражайы ашылды

Бүгін 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Астанада алғаш рет кітап мұражайы ашылды. Бұл біздің оқырмандарымыз бен елорданың мәртебелі меймандарына Қазақстанның кітап және жазба тарихы туралы тереңнен танысуына мүмкіндік береді, сондай-ақ ЕХРО-2014 көрмесі қарсаңындағы тағы бір көрікті орындар қатарынан танылады. Салтанатты ашылу рәсіміне елімізге танымал бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлер, еліміздің әр облысынан келген кітапханашылар, әдебиет сүйер оқырмандар, жастар қатысты. 
                      jp (23).JPG
Кітап мұражайы отандық кітап тарихын көрсетуге; кітапты тарихи-мәдени процестердің ажырамас бөлігі ретінде ашып бейнелеуге; Қазақстандағы кітаптың таралу тарихын көрсетуге; оқырмандарды бірегей жазба ескерткіштер мен сирек басылымдарға тартуға; осы замандық оқырманды «жанды кітапқа» қайта оралтуға үндейді. 

                     jp (39).JPG

Мұражай ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы жазба мәдениетінің даму тарихы, ислам өркениеті, оқулықтар мен оқу құралдары туралы әдебиеттер кірістірілген бірнеше бөлімдерден тұрады. Осы реттегі құнды экспонаттар қатарындағылар: Қазақстандағы алғашқы басылым «Сейфіл-Мәлік», 1807 ж; В.В.Радловтың «Моңғолия ежелгілерінің атласы», 1892ж..
 
                     jp (66).JPG

Қазіргі таңда әлемде әр алуан мәдени-тарихи жағдайлардағы кітаптардың әлеуметтік рөлін аша түсетін, кітап өнерін, полиграфия техникасын, баспа ісін, баспа тарихын, кітап материалдары мен үлгілерінің эволюциясын, жазба ісінің дамуын қоса алғанда кітап және кітап ісі тарихының көп жоспарлы көрінісін сипаттайтын Кітап мұражайының саны 10-ға жуықтайды. Бұл реттегі мұражайлар – Лейпцинг Неміс кітапханасы жанындағы Неміс жазбасы және кітап мұражайы. (1885), 1900 жылы ашылған Майнц қаласындағы Гутенберг мұражайы (Бүкіләлемдік баспа өнері мұражайы). Мұражайлардың бұл тобына Брюсселдегі Альберт І Корольдік кітапханасының Кітап және кітап басылымы мұражайын, Лондондағы Британ кітапханасының Кітап мұражайын қосуға болады. Бұдан әрі бұл тізімді Астанадағы кітап мұражайы толықтыра түсті.  

                    jp (8).jpg
                    jp (1).jpg
                    jp (52).JPG
                    jp (62).JPG
                    jp (80).JPG
adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар