Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында «Әдебиет порталы» интернет-жобасының таныстырылымы өтті

04.12.2014 2193

Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында «Әдебиет порталы» интернет-жобасының таныстырылымы өтті

2014 жылы 3 желтоқсанда Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары мен ұстаздар қауымының қатысуымен «Әдебиет порталы» интернет-жобасының таныстырылымы өтті.

КТЛ0.JPG

Төрт тілде қызмет атқаратын «Әдебиет порталы» интернет-жобасында кітаптар, аудиокітаптар, автордың өмірбаяны, шығармаларындағы кейіпкерлер, автор туралы және әдеби, танымдық мақалалар мен автордың сұхбаттары, өз мақалалары, суреттері мен видеосы топтастырылған.

Ғаламтор бетінде танымал бола бастаған порталда қазақ және әлем әдебиетінің үлкен электронды қоры жинақталған. «Поэзия әлемі», «Аударма», «Иллюстрация», «Қысқаша мазмұн» сияқты арнайы жобалар таныстырылды.

Бірнеше жобалар мен байқауларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет-байқауы мен «Менің алғашқы кітабым» эссе байқауына лицей оқушыларын қатысуға шақырды. Аталған байқаулар таныстырылым барысында оқушылардың қызығушылығын тудырды.

Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау.

Порталдың толық мазмұнымен «Әдебиет порталы» интернет-жобасының түрік тілі нұсқасы редакторы Руслан Беген таныстырып өтті.

КТЛ1.JPG

КТЛ2.JPG

КТЛ3.JPG

КТЛ4.JPG

КТЛ5.JPG

КТЛ5.JPG

КТЛ6.JPG

КТЛ9.JPG

КТЛ11.JPG

КТЛ10.JPG

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар