Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкім Тарази: "Жақсының жақсылығын айт"...

29.04.2015 4439

Әкім Тарази: "Жақсының жақсылығын айт"

Әкім Тарази: "Жақсының жақсылығын айт" - adebiportal.kz
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті. Онда Елбасы Қазақстан халқына ант берді. Заңға сәйкес, Республика Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», – деп халыққа ант берді. Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды. Қазақ елінің тарихындағы тағы бір белесті күн туралы қаламгер Әкім Таразидің лебізін ұсынамыз. 

large.jpg
Әкім Тарази: – Биылғы сайлау біздің отбасымыз үшін ерекше болды. Тұңғышымыз Алпамыс 18 жасқа толып, бірге барып дауыс бердік. Бұл біздің отбасымыз үшін айтулы кезең. Халық өте көп болды. Менің таң қалғаным – жүзі жарқын, қуанған халық. Тойға барғандай, мерекеге барғандай ойнап-күліп жүрген, қуанған көпшілікті көрдік. Елбасының басым дауыспен өтетініне ешкімнің де дауы болған жоқ. Кейін қорытындысы шыққанда шамамен осылай болады-ау деп өзім ойлап қойған едім. Ол кісінің ерекшелігі халқына өте жақын адам. Мен ол кісіні жас кезінен білемін. Теміртауда  қатардағы инженер болып жүрген кезінен білем. Мен ол кезде Мәскеу қаласынан шығатын «Литературный газетада» тілші болып істегенмін. Сонда кездесіп, екі күн бірге болғанбыз. Самаркөл деген көлге шомылып, әңгімелесіп, келесі күні мені Қарағандыға шығарып салған еді. Менің ол кісіден жасым үлкен. Содан бері біздің арамызда достық сезім бар. Бұрын Ресейдегі 15 республиканың ішінде Қазақстан ең артта қалғаны еді. Ал, қазір ше? Адам танымастай өзгерді, өзгертті. Мен Қазақстаннан Мәскеуге пойыз арқылы барғанды жақсы көретінмін. Ол кезде жолда 6 күн жүретінбіз. Сонда жол бойындағы станцияларда балшықтан құйылған кішкентай  тамдарда ылғи қазақтар тұратын. Сол кезде жас болсам да соған мән беріп, біз неге байғұс халықпыз деп қатты күйінетін едім. Соның бәрінен өтіп шықтық. Қазір міне, мен қатардағы қазақстандық ретінде, қаламгер ретінде де елімнің әрбір жетістігіне қуанып отырамын. 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар